2 күн бұрын
Рамазан Оразов әлеуметтік желіде жазба қалдырды

Данияның «Силькеборг» клубының жартылай қорғаушысы Рамазан Оразов Instagram әлеуметтік желісінде ұлттық құрама сапында ойнауға дайын екендігін айтты, деп хабарлайды Sport12.kz
27 жастағы футболшы мамыр айында Дания чемпионатының 2 ойынына ғана қатысып, жалпы 20 минут қана жасыл алаңда уақыт өткізді. Осыған орай, Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Әли Әлиев ойын уақыты өте аз деген себеппен Рамазанды алдағы матчтарға шақырмады.
