1 күн бұрын
«Реал Мадрид» сапына 17 жастағы жартылай қорғаушы қосылатын болды

TyC Sports-тың хабарлауынша, аргентиналық талант Франко Мастантуононың «Реал Мадридке» ауысуы ресми түрде аяқталды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Мадридтік клуб пен «Ривер Плейт» арасындағы келісім толығымен жасалған.
17 жастағы жартылай қорғаушы — Аргентина футболының болашағы деп бағаланған дарын. Оның ойынын Еуропаның бірқатар алпауыт клубтары бақылап жүрген болатын. Бірақ соңында жеңіске жеткен тарап — «Реал Мадрид».
Қазіргі таңда бір ғана мәселе шешімін таппаған:
Мастантуоно Испанияға Клубтық Әлем чемпионатына дейін келе ме, әлде одан кейін қосыла ма — бұл жақын күндері белгілі болады.
Осы трансфер арқылы «Реал» тағы бір жас жұлдызды өз қатарына қосып, болашаққа бағытталған стратегиясын жалғастырып отыр.
Райан Тұрсынбек
