1 күн бұрын
Бүгін футболдан Қазақстан жастар құрамасы Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңін бастайды

Фото: ҚФФ
Футболдан Қазақстан 21 жасқа дейінгі жастар құрамасы 2027 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңінде бүгін Андорраға қарсы ойын өткізеді., деп хабарлайды Sport12.kz.
Жастарымыз D тобында Англия, Ирландия, Словакия, Молдова және Андорра құрамаларымен кездеседі. Аға бапкер Денис Мамоновтың шәкірттері 2 маусымда Астанада жиналды. Олар оқу-жаттығу жиынын өткізді.
Кездесу 5 маусым күні «Астана Арена» стадионында 19:30-да өтеді. Одан кейін қазақстандық жастар 8 маусымда Англиямен шеберлік байқасады.
Ойыншылар тізімі
Қақпашылар: Санжар Ерниязов («Атырау»), Дулат Талыспаев («Кёге»), Мирас Рихард («Ертіс»).
Қорғаушылар: Сұлтан Асқаров, Рамазан Кәрімов (екеуі де – «Жетісу»), Санжар Әнуаров («Астана»), Александр Мигунов, Эльхан Саидов (екеуі де – «Шахтер»), Әли Тұрғанов («Оңтүстік Академиясы»), Александр Мрынский («Қайрат»), Әлихан Серікбай («Каспий»).
Жартылай қорғаушылар: Әбинұр Нұрымбет («Тұран»), Вячеслав Раскатов («Ертіс»), Дархан Бердібек («Ақтөбе»), Мирас Көбеев («Ислочь», Беларусь), Олжас Байбек, Рамазан Бағдат (екеуі де – «Қайрат»), Нұралы Жақсылық («Астана»), Мұхаммед Еңсебаев («Сеута Б», Испания), Давид Есімбеков («Жетісу»), Хамза Мұхаметәли (AKAS).
Шабуылшылар: Глеб Валгушев («Қызылжар»), Ян Труфанов («Атырау»), Мағжан Тоқтыбай («Оңтүстік Академиясы»), Артем Литош («Хан Тәңірі»).
Ойын күнтізбесі
2025 жыл
5 маусым
Қазақстан - Андорра
8 маусым
Қазақстан - Англия
9 қазан
Андорра - Қазақстан
13 қараша
Словакия - Қазақстан
17 қараша
Қазақстан - Молдова
2026 жыл
27 наурыз
Қазақстан - Словакия
31 наурыз
Қазақстан - Ирландия
25 қыркүйек
Англия - Қазақстан
29 қыркүйек
Ирландия - Қазақстан
6 қазан
Молдова - Қазақстан
