1 күн бұрын
Ұлттар лигасы: Футболдан Испания құрамасы бүгін Франциямен кездеседі

Фото: UEFA.com
Бүгін футболдан UEFA Ұлттар лигасы А дивизионда плей-офф сатысында финалға шыққан екінші құрама анықталады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жолы Испания және Франция шеберлік байқасады. Кездесу Германияның штутгарт қаласындағы «Штутгарт Арена» стадионында қазақстандық 23:50-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Ұлттар лигасында Қазақстан құрамасы төртінші топта дания, Сербия, Швейцарияны артта қалдырды. Одан кейін 1/4 финалда Нидерландты (2:2, 3:3, пенальтиден 5:4) жеңді.\
Ал Франция екінші топта Италия, Бельгия, Израильдің осал тұсын тапты. Ширек финалда Хорватия құрамасының (0:2, 2:0, пенальтиден 5:4) осал тұсын тапты.
Екі құрама қазірге дейін 43 мәрте кездесті. Оның 18-де Испания құрамасы жеңіске жетсе, 9-ы тең есеппен аяқталып, қалғанында Францияның мерейі үстем болды.
Айта кетсек, 4 маусымда тағы бір жартылай финалда португалия құрамасы Германияны 2:1 есебімен сүріндірді.
Одан кейін 3-орын үшін сайыс және финал 8 маусымға белгіленген.
Ұлттар лигасы 2018 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді. Қазірге дейін Португалия, Франция, Испания құрамалары чемпион атанды.
Айта кетсек, Қазақстан құрамасы 2024 жылы Ұлттар лигасында В дивизионында үшінші топта Норвегия, Словения, Аустриямен бақ сынап, төртінші орынды місе тұтты. Салдарынан қайтадан С дивизионына түсіп қалды.
