1 күн бұрын
«Челси» клубы жаңа шабуылшы сатып алды

Фото: Getty Images
Ағылшындық шабуылшы Лиам Делап ресми турде «Челси» клубының ойыншысы атанды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл туралы лондондық клубтың баспасөз қызметі ресми түрде мәлімдеді.
Қос тарап 2031 жылға дейін жарамды келісімшартқа қол қойды. «Ақсүйектер» 22 жастағы форвардты «Ипсвич Тауннан» 30 млн фунтқа сатып алды.
Ағылшындық жас форвард «Челси» сапында 9-шы нөмірде өнер көрсететін болады. Бұл нөмір 2022/23ж маусымнан бері бос тұрған еді. Соңғы рет бұл нөмірмен Пьер-Эмерик Обамеянг ойынаған еді.
