1 күн бұрын
Беларусь – Қазақстан жолдастық матчының басталуы жарты сағатқа шегерілді

Фото: ҚФФ
Беларусь – Қазақстан жолдастық матчының басталуы 22:30-ға шегерілді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бастапқыда Беларусь пен Қазақстан құрамалары арасындағы матчтың басталуы Астана уақытымен 22:00-ге (жергілікті уақыт бойынша 20:00) жоспарланған болатын.
Алайда ауа райының қолайсыздығына байланысты бас төреші ойынның басталу уақытын 30 минутқа кейінге шегеру туралы шешім қабылдады.
Осылайша, кездесу Астана уақытымен 22:30-да (жергілікті уақыт бойынша 20:30) басталады.
