1 күн бұрын

Футбол: Қазақстан жастары Андоррадан басым түсті

Футбол: Қазақстан жастары Андоррадан басым түсті

Фото: ҚФФ

Футболдан Қазақстан 21 жасқа дейінгі жастар құрамасы 2027 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңінде бүгін Андорраға қарсы ойын өткізді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Кездесу барысында қазақстандық футболшылар жылдам гол соғуға тырысты. Нәтижесінде 11-минутында Олжас Байбектің алыстан тепкен добы қақпа торында тулап жатты. Одан кейін олардың тарапынан гол соғатын бірнеше мүмкіндік болды. Дегенмен олардың барлығын тиімді пайдалана алған жоқ. Есесіне андорралық футболшылар қарсы шабыл ұйымдастырды. Дегенмен таблодағы есепке өзгеріс енбеді.

Осылайша Қазақстан жастары қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсті.

Жастарымыз D тобында Англия, Ирландия, Словакия, Молдова және Андорра құрамаларымен кездеседі. 

Енді қазақстандық жастар 8 маусымда Англиямен шеберлік байқасады.

Іріктеу кезеңі 5 маусымда басталып, 2026 жылдың 6 қазанында мәресіне жетеді. 





Нидерландтағы турнирде қазақстандық екі боксшы жарысты жалғастырады

Бокс 2 сағат бұрын

Нидерландтағы турнирде қазақстандық екі боксшы жарысты жалғастырады

Джан Пьеро Гасперини «Рома» бас бапкері атанды

Футбол 3 сағат бұрын

Джан Пьеро Гасперини «Рома» бас бапкері атанды

Ла Лиганың үздік ойыншысы ресми жарияланды

Футбол 4 сағат бұрын

Ла Лиганың үздік ойыншысы ресми жарияланды

ҚФФ «Ақтөбе» – «Қайрат» матчына қатысты қатаң шешімдер шығарды: айыппұлдар мен  дисквалификациялар

Футбол 4 сағат бұрын

ҚФФ «Ақтөбе» – «Қайрат» матчына қатысты қатаң шешімдер шығарды: айыппұлдар мен дисквалификациялар

Өзбекстан мен Ресей арасында жолдастық ойын өткізу идеясы ұсынылды

Футбол 4 сағат бұрын

Өзбекстан мен Ресей арасында жолдастық ойын өткізу идеясы ұсынылды

Қазақстандық теннисші «Ролан Гаррос» турнирінің финалына шықты

Теннис 5 сағат бұрын

Қазақстандық теннисші «Ролан Гаррос» турнирінің финалына шықты