1 күн бұрын

Футболдан Өзбекстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионаты финалдық кезеңіне шықты

Футболдан Өзбекстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионаты финалдық кезеңіне шықты

Фото: the-afc.com

Футболдан Өзбекстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионаты финалдық кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Дүбірлі додада Азия құрлығы бойынша сынға түскен Өзбекстан құрамасы жақсы ойын өрнегін көрсетті. А тобында Иран, БАӘ, Қатар, Қырғызстан, Солтүстік Кореямен шеберлік байқасқан олар 8 ойында 17 ұпай жинаған еді. Сондықтан олар Біріккен Араб Әмірлігімен кездесуде тең нәтижеге қол жеткізсе, әлем чемпионатына тікелей жолдамаға қол созатын еді. Бұл Өзбекстан құрамасына өз тарихында алғаш рет дүниежүзілік додаға қатысуға мүмкіндік беретін.

Ойын барысында олар жинақы қимыл көрсетуге тырысты. Нәтижесінде қарсыласымен 0:0 есебімен тең түсті. Өз тобында 18 ұпаймен екінші орынға табан тіреп, әлем чемпионаты финалдық кезеңіне тікелей жолдама алды. 

Енді олар 10 маусымда өз алаңында Қатарды қабылдайды. 

Қазірге дейін АҚШ, Канада, Мексика, Жапония, Жаңа Зеландия, Иран, Аргентина құрамалары 2026 жылғы әлем чемпионатына қатысатыны белгілі болды. 

Дүбірлі додада алғаш рет 48 құрама бақ сынайды. Оның 16-ы Еуропа, 8-і Азия, 9-ы Африка, 6-ы Солтүстік Америка, 6-ы Оңтүстік Америка құрлығына бөлінсе, 1-і мұхит аймағы елдеріне қаралған. Ал 2 жолдама плей-офф сатысы арқылы анықталады.

Айта кетсек, Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатында J тобында Уэльске (1:3) жол беріп, Люксембургті (2:0) қапы қалдырды. Турнир кестесінде үш ұпаймен үшінші орында келеді.

Енді 9 маусымда ұлттық құрама елордада Солтүстік Македония құрамасын қабылдайды.


Нидерландтағы турнирде қазақстандық екі боксшы жарысты жалғастырады

Бокс 1 сағат бұрын

Нидерландтағы турнирде қазақстандық екі боксшы жарысты жалғастырады

Джан Пьеро Гасперини «Рома» бас бапкері атанды

Футбол 3 сағат бұрын

Джан Пьеро Гасперини «Рома» бас бапкері атанды

Ла Лиганың үздік ойыншысы ресми жарияланды

Футбол 4 сағат бұрын

Ла Лиганың үздік ойыншысы ресми жарияланды

ҚФФ «Ақтөбе» – «Қайрат» матчына қатысты қатаң шешімдер шығарды: айыппұлдар мен  дисквалификациялар

Футбол 4 сағат бұрын

ҚФФ «Ақтөбе» – «Қайрат» матчына қатысты қатаң шешімдер шығарды: айыппұлдар мен дисквалификациялар

Өзбекстан мен Ресей арасында жолдастық ойын өткізу идеясы ұсынылды

Футбол 4 сағат бұрын

Өзбекстан мен Ресей арасында жолдастық ойын өткізу идеясы ұсынылды

Қазақстандық теннисші «Ролан Гаррос» турнирінің финалына шықты

Теннис 4 сағат бұрын

Қазақстандық теннисші «Ролан Гаррос» турнирінің финалына шықты