1 күн бұрын

Ұлттар лигасының жартылай финалы драмаға ұласты

Ұлттар лигасының жартылай финалы драмаға ұласты

Фото: Alexander Hassenstein / Getty Images

UEFA Ұлттар лигасының жартылай финалында Испания Францияны тізе бүктірді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Штутгарт қаласында өткен кездесуде Испания 5:4 есебімен жеңіске жетті.

Еуропа чемпиондарының сапында Нико Уильямс, Микель Мерино және Педри гол соқса, Ламин Ямаль дубль авторы атанды.

Ал Франция құрамасында команда капитаны Килиан Мбаппе, Райан Шерки және Рандаль Коло-Муани мергендігімен көзге түсті. Сондай-ақ, Испания қорғаушысы Дани Вивиан өз қақпасына автогол соғып алды. Алайда, бұл француздардың жеңісіне жеткіліксіз болды.

Енді Испания финалда Португалиямен кездеседі. Криштиану Роналду бастаған ұжым кеше Германияны (2:1) жарыс жолынан шығарып жіберген еді.

Айта кетейік, чемпиондық атақ сарапқа салынатын ойын 8 маусымға жоспарланған.

Нидерландтағы турнирде қазақстандық екі боксшы жарысты жалғастырады

Бокс 3 сағат бұрын

Нидерландтағы турнирде қазақстандық екі боксшы жарысты жалғастырады

Джан Пьеро Гасперини «Рома» бас бапкері атанды

Футбол 5 сағат бұрын

Джан Пьеро Гасперини «Рома» бас бапкері атанды

Ла Лиганың үздік ойыншысы ресми жарияланды

Футбол 5 сағат бұрын

Ла Лиганың үздік ойыншысы ресми жарияланды

ҚФФ «Ақтөбе» – «Қайрат» матчына қатысты қатаң шешімдер шығарды: айыппұлдар мен  дисквалификациялар

Футбол 5 сағат бұрын

ҚФФ «Ақтөбе» – «Қайрат» матчына қатысты қатаң шешімдер шығарды: айыппұлдар мен дисквалификациялар

Өзбекстан мен Ресей арасында жолдастық ойын өткізу идеясы ұсынылды

Футбол 6 сағат бұрын

Өзбекстан мен Ресей арасында жолдастық ойын өткізу идеясы ұсынылды

Қазақстандық теннисші «Ролан Гаррос» турнирінің финалына шықты

Теннис 6 сағат бұрын

Қазақстандық теннисші «Ролан Гаррос» турнирінің финалына шықты