15 сағат бұрын

Футболдан әлем чемпионатына шыққан құрамалар саны 10-ға жетті

Футболдан әлем чемпионатына шыққан құрамалар саны 10-ға жетті

Фото: the-afc.com

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионаты финалдық кезеңіне жолдама алған тағы екі құрама анықталды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Азия құрлығынан В тобында сынға түскен Иордания құрамасы өз тарихында алғаш рет дүбірлі доданың финалдық кезеңінде бақ сынайтын болды. Олар іріктеу кезеңінде тоғызыншы турда Оманды сырт алаңда 3:0 есебімен тізе бүктірді. Нәтижесінде өз тобында 16 ұпай жинап, әлем чемпионатына тікелей жолдамаға ие болды.


Сондай-ақ аталған топтан Оңтүстік Корея сырт алаңда Иракты 2:0 есебімен тізе түктіріп, 19 ұпаймен бірінші орынға табан тіреді. Нәтижесінде корей футболшылар бір тур бұрын әлем чемпионатына берілетін жолдамаға қол жеткізіп үлгерді.

Айта кетсек, бұдан бұрын Өзбекстан құрамасы сырт алаңда Біріккен Араб Әмірлігімен 0:0 есебімен тең ойнап, әлем чемпионатына шықты.

Қазірге дейін АҚШ, Канада, Мексика, Жапония, Жаңа Зеландия, Иран, Аргентина құрамалары 2026 жылғы әлем чемпионатына қатысатыны белгілі болды. 

Дүбірлі додада алғаш рет 48 құрама бақ сынайды. Оның 16-ы Еуропа, 8-і Азия, 9-ы Африка, 6-ы Солтүстік Америка, 6-ы Оңтүстік Америка құрлығына бөлінсе, 1-і мұхит аймағы елдеріне қаралған. Ал 2 жолдама плей-офф сатысы арқылы анықталады.

Әлем чемпионаты

Азия. 9 тур

А тобы

БАӘ - Өзбекстан 0:0

Қатар - Иран 1:0

Солтүстік Корея - Қырғызстан 2:2

В тобы

Оман - Иордания 0:3

Ирак - Оңтүстік Корея 0:2

Кувейт - Палестина 0:2

С тобы 

Бахрейн - Сауд Арабиясы 0:2

Аустралия - Жапония 1:0

Индонезия - Қытай 1:0

Оңтүстік Америка 

Эквадор - Бразилия 2:0

Парагвай - Уругвай 0:0

Чили - Аргентина 0:1


Нидерландтағы турнирде қазақстандық екі боксшы жарысты жалғастырады

Бокс 1 сағат бұрын

Нидерландтағы турнирде қазақстандық екі боксшы жарысты жалғастырады

Джан Пьеро Гасперини «Рома» бас бапкері атанды

Футбол 3 сағат бұрын

Джан Пьеро Гасперини «Рома» бас бапкері атанды

Ла Лиганың үздік ойыншысы ресми жарияланды

Футбол 3 сағат бұрын

Ла Лиганың үздік ойыншысы ресми жарияланды

ҚФФ «Ақтөбе» – «Қайрат» матчына қатысты қатаң шешімдер шығарды: айыппұлдар мен  дисквалификациялар

Футбол 4 сағат бұрын

ҚФФ «Ақтөбе» – «Қайрат» матчына қатысты қатаң шешімдер шығарды: айыппұлдар мен дисквалификациялар

Өзбекстан мен Ресей арасында жолдастық ойын өткізу идеясы ұсынылды

Футбол 4 сағат бұрын

Өзбекстан мен Ресей арасында жолдастық ойын өткізу идеясы ұсынылды

Қазақстандық теннисші «Ролан Гаррос» турнирінің финалына шықты

Теннис 4 сағат бұрын

Қазақстандық теннисші «Ролан Гаррос» турнирінің финалына шықты