15 сағат бұрын
Футболдан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы бүгін Әзербайжанмен ойнайды

Фото: ҚФФ
Бүгін Қазақстан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы Әзербайжандағы алғашқы жолдастық матчын өткізеді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Қазақстандық футболшылардың Габала қаласында Әзербайжан және Грузия құрамаларымен екі жолдастық матч жоспарланған. Ойындар 6 және 8 маусым күндері өтеді.
Алдымен бүгін, 6 маусымда 17:30-да Әзербайжанмен шеберлік байқасса, 8 маусымда 12:00-де Грузиямен ойнайды.
Еліміздің жасөспірімдер құрамасы 28 мамырдан бастап оқу-жаттығу жиынын бастады. Алғашқы оқу-жаттығу жиынын Талғар қаласында өткізді.
