16 сағат бұрын
Футболдан Қазақстан қыздар құрамаларының Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңіндегі қарсыластары анықталды

Фото: ҚФФ
Швейцарияның Ньон қаласында 2025/26 Еуропа чемпионатында Қазақстан 17 және 19 жасқа дейінгі қыздар құрамаларының қарсыластары белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Жеребе нәтижесінде Қазақстан В лигасының алтыншы тобына түсті. Қарсыластары - Израиль, Латвия және Мальта.
Ал Қазақстан 17 жасқа дейінгі қыздар құрамасы В лигасының үшінші тобында Грузия, Босния және Герцеговина, Латвия құрамаларымен шеберлік байқасады.
Айта кетсек, өз тобында бірінші орын алған алты құрама және екінші орын алғандар арасынан ең үздігі (төртінші орын алғандарға қарсы ойындар есепке алынбайды) келесі іріктеу кезеңін А лигасында бастайды.
