06.06.2025
Ламин Ямаль Испания сапындағы кезекті рекордты жаңартты
Испания құрамасының шабуылшысы Ламин Ямаль ұлттық команда сапында кезекті рекордқа қол жеткізді, деп хабарлайды Sport12.kz
17 жастағы вингер Ұлттар лигасының жартылай финалында Франция қақпасына дубль жасап, командасының 5:4 есебімен жеңіске жетуіне үлес қосты.
Stats Foot деректеріне сүйенсек, Ямаль соңғы 112 жылда 18 жасқа толмай тұрып, ұлттық құрама сапында кемі алты гол соққан алғашқы еуропалық футболшы атанды. Бұған дейін мұндай көрсеткішке тек бельгиялық Фернан Нисо қол жеткізген. Ол 1913 жылы жеті гол соққан болатын.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
Қанат Байұзақов