13 сағат бұрын
«Манчестер Сити» клубы Өзбекстан құрамасын тарихи жетістігімен құттықтады

Англиялық «Манчестер Сити» клубы Өзбекстан құрамасының қорғаушысы Абдукодир Хусановты және ұлттық команданы әлем чемпионатына алғашқы жолдама алуымен құттықтады, деп хабарлайды Sport12.kz
21 жастағы футболшы 5 маусым күні өткен матчта БАӘ құрамасына қарсы ойнап (0:0), өз командасына 2026 жылғы әлем чемпионатына тікелей жолдама әперуге көмектесті.
«Абдукодир Хусанов пен бүкіл Өзбекстан құрамасын әлем чемпионатына алғаш рет шығуымен шын жүректен құттықтаймыз», — деп жазды «Манчестер Сити» клубының баспасөз қызметі әлеуметтік желідегі парақшасында.
Бұл тең ойын Өзбекистан құрамасына 1-топтағы турнирлік кестеде БАӘ-ден төрт ұпай айырмашылығын сақтап қалуға мүмкіндік берді.
Абдукодир Хусанов 2025 жылдың қаңтарынан бері «Манчестер Сити» сапында өнер көрсетіп келеді. Өткен АПЛ маусымында ол алты матчқа қатысқан.
