10 сағат бұрын

Қазақстан құрамасының алдағы қарсыласы Бельгиямен тең түсті

Қазақстан құрамасының алдағы қарсыласы Бельгиямен тең түсті

Фото: UEFA Photo / UEFA via Getty Images

Футболдан 2026 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Солтүстік Македония өз алаңында Бельгияны қабылдады, деп хабарлайды Sport12.kz.

Скопье қаласында өткен кездесу 1:1 есебімен тең аяқталды.

Алаң иелері сапында Эгзиан Алиоски гол соқса, Бельгия құрамында Максим де Кейпер мергендігімен көзге түсті.

Енді 9 маусым күні Қазақстан өз алаңында Солтүстік Македонияны қабылдайды.

Сондай-ақ, қатар өткен кездесуде Уэльс Лихтенштейнды қарсылас көрмей, 3:0 есебімен ойсырата жеңді.

J тобында үш ойында 7 ұпай жинаған Уэльс көш бастап тұр. Екінші орынға еншісінде 5 ұпайы бар Солтүстік Македония жайғасқан. Үздік үштікті екі ойында 3 ұпай жинаған Қазақстан түйіндеп тұр. Іріктеуде бір ойын ғана өткізіп, 1 ұпайды олжалаған Бельгия төртінші орында келеді. Ал топтың бастың аутсайдері саналған Лихтеншиейн үш ойында бірде-бір гол соға алмай, 0 ұпаймен соңғы орынға табан тіреген.

Айта кетейік, топтан бірінші орынмен шыққан құрама тікелей әлем біріншілігіне жолдама алады. Ал екінші орыннан көрінген команда қосымша жолдамаға таласады.

Нариман Курбанов: «Бұл қазір әлемдегі ең күрделі комбинация»

Басқа 6 минут бұрын

Нариман Курбанов: «Бұл қазір әлемдегі ең күрделі комбинация»

Криштиану Роналду «Алтын доптың» фаворитін атады

Футбол 38 минут бұрын

Криштиану Роналду «Алтын доптың» фаворитін атады

Криштиану Роналду әлем чемпионатына қатыспайды

Футбол 1 сағат бұрын

Криштиану Роналду әлем чемпионатына қатыспайды

Реваншта Двалишвили мен О'Мэллидің қанша гонорар алатыны белгілі болды

ММА/UFC 1 сағат бұрын

Реваншта Двалишвили мен О'Мэллидің қанша гонорар алатыны белгілі болды

Қазақстан – Солтүстік Македония матчының төрешілері белгілі болды

Футбол 2 сағат бұрын

Қазақстан – Солтүстік Македония матчының төрешілері белгілі болды

«Барселона» қатарына жаңа қақпашы қоспақ

Футбол 2 сағат бұрын

«Барселона» қатарына жаңа қақпашы қоспақ