7 сағат бұрын
Тоқтар Жаңғылышбай клубсыз қалуы мүмкін

Фото: Getty Images
2025 жылдың қаңтар айынан бері «Қызылжар» сапында өнер көрсетіп жүрген шабуылшы Тоқтар Жаңғылышбай клубтан уақытынан бұрын кетуі мүмкін, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл туралы Telegram-арнасы «Бомбардир» хабарлайды. Петропавлдық клубтың басшылығы 32 жастағы футболшымен келісімді мерзімінен бұрын бұзу мәселесін қарастыруда. Қазіргі келісімшарт мерзімі осы жылдың аяғына дейін жарамды.
2025 жылғы маусымда Жаңғылышбай барлық турнирде алты ойын өткізіп, бір ғана гол соққан. Тәжірибелі ойыншы бұған дейін Қазақстанның бірнеше клубында ойнаған: қарағандылық «Шахтер», «Қайрат», «Астана», «Ақтөбе», «Тобыл», «Ордабасы», «Қайсар», «Жетісу» және «Мақтаарал».
Ол сондай-ақ Қазақстан ұлттық құрамасында жеті матч өткізіп, бір гол соққан.
