7 сағат бұрын
Нидерландтағы турнирде Махмұд Сабырхан қарсыласына есе жіберді

Фото: olympic.kz
Нидерландтың Эйндховен қаласында өтіп жатқан бокстан Eindhoven Cup халықаралық турнирінде қазақстандық боксшылардың 7 маусымдағы нәтижесі белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл күні ел құрамасынан Даниял Сәбит, Махмұд Сабырхан, Ертуған Зейнуллинов, Абылайхан Жүсіпов, Сабыржан Аққалықов, Ерасыл Жакпеков сынға түсті.
50 келі. Даниял Сәбит - Максим Рудик (Украина). Төрешілер бірауыздан жеңісті Даниялға берді.
55 келі. Махмұд Сабырхан - Максим Зименко (Украина). Төрешілер шешімімен Махмұд қарсыласына есе жіберді.
65 келі. Ертуған Зейнуллинов - Абдулла Абу-Араб (Дания). Бірінші раундта қарсыласының жарақаты салдарынан жекпе-жектен бас тартуына байланысты Ертуған жеңіске жетті.
70 келі. Абылайхан Жүсіпов - Симон Рит (Германия). Төрешілер шешімімен жеңіс Абылайхаға берілді.
75 келі. Сабыржан Аққалыков - Сайрус Кларинда (Нидерланд). Төрешілер шешімімен Сабыржан жарысты жалғастыратын болды.
80 келі. Ерасыл Жакпеков - Энди Симба (Бельгия).Үшінші раундта қарсыласының жарақаты салдарынан жекпе-жектен бас тартуына байланысты Ерасыл жеңіске жетті.
Халықаралық турнир 6-9 маусым аралығында өтеді.
