6 сағат бұрын
Әлем чемпионатында Қазақстан әртістер құрамасы алғашқы жеңісіне жетті

Ресей астанасы Мәскеу қаласында өтіп жатқан әртістер арасында әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Қазақстандық футболшылар А тобында бақ сынап жатыр. Қарсыластары - Ресей, Әзірбайжан және Парагвай.
Құраманың барлық ойыншысы қазақстандық «Алатау» командасының намысын қорғайды.
Алғашқы матчта отандастарымыз Әзербайжанды 3:1 есебімен тізе бүктірді.
Енді олар алдағы ойынын 9 маусымда Парагвайға қарсы өткізеді.
