09.06.2025
Франция құрамасының ойыншысы «Манчестер Ситиге» ауысады
Фото: Alex Grimm / Getty Images
Франция құрамасының жартылай қорғаушысы Райан Шерки «Манчестер Сити» ойыншысы атанады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Белгілі инсайдер Фабрицио Романоның мәліметінше, қос тарап 2030 жылдың жазына дейін жарамды келісімшартқа қол қояды.
«Қалалықтар» франциялық ойыншыны «Лионнан» 35 миллион еуроға сатып алады.
Айта кетейік, 21 жастағы вингер осы маусымда 44 ойынға қатысып, 12 гол соғып, 20 нәтижелі пастың авторы атанды.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
Азамат Бақи