4 сағат бұрын
Қазақстан - Солтүстік Македония матчында алаңға кімдер шығады?

2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Қазақстан — Солтүстік Македония матчына арналған бастапқы құрамдар жарияланды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Қазақстан құрамасы: Сейсен, Астанов, Быстров, Малый, Әліп, Вороговский, Чесноков, Қуат, Тағыберген, Кенжебек, Самородов.
Солтүстік Македония құрамасы: Димитриевски, Деспотовски, Зайков, Муслиу, Элмас, Алиоски, Трайковски, Барди, Чурлинов, Костадинов, Миовски.
Кездесу Қазақстан уақытымен 19:00-де басталады. Матчтың тікелей трансляциясын «Qazsport» телеарнасы ұйымдастырады.
Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасы іріктеу кезеңіндегі алғашқы екі ойында Уэльске 1:3 есебімен жол беріп, Лихтенштейнді 2:0 есебімен жеңген болатын. Ал Солтүстік Македония құрамасы Лихтенштейнді 3:0 есебімен ұтып, Уэльспен (1:1) және Бельгиямен (1:1) тең түсті.
