4 сағат бұрын

Асхат Тағыберген ұлттық сапындағы соңғы ойынын өткізді

Асхат Тағыберген ұлттық сапындағы соңғы ойынын өткізді

Фото: ҚФФ

Жартылай қорғаушы Асхат Тағыберген футболдан Қазақстан құрамасы сапындағы соңғы ойынын өткізді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұл жөнінде ол ұлттық құраманың 2026 жылғы әлем чемпионаты іріктеу кезеңіндегі Солтүстік Македониямен кездесуден кейін мәлім етті.

- Мен ұлттық құрама сапында 2014 жылдан бері ойын көрсетіп келемін. Сол уақыттан бері өз елімнің абыройын асқақтатуға барынша күш салдым. Жеңіс те, жеңіліс те кездесті. Капитандық міндетті атқардым. Бүгін ұлттық құрама сапында соңғы ойынымды өткізуге шешім қабылдадым. Орнымды жастарға беруді шештім, - деді ол.


Он жылдан астам уақыттан бері Асхат ұлттық құрама сапында 63 матчта 3 гол соғып, 7 нәтижелі пас авторы атанды.

Асхат Тағыберген 1990 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Қазірге дейін «Қайсар», «Ақтөбе», «Астана», «Тобыл», «Ордабасы» клубтарында доп тепті.

Еске салсақ, бұдан бұрын қорғаушы Александр Марочкин наурыз айында ұлттық құрама сапындағы соңғы ойынын өткізгенін мәлімдеген еді.


Асхат Тағыберген ұлттық құрамадан неге кеткенін түсіндірді

Футбол

Асхат Тағыберген ұлттық құрамадан неге кеткенін түсіндірді

Eindhoven Boxcup: бес қазақстандық боксшы чемпион атанды

Бокс

Eindhoven Boxcup: бес қазақстандық боксшы чемпион атанды

Әли Әлиев: жарақат алған футболшыларымыз жетіспеді

Футбол 4 сағат бұрын

Әли Әлиев: жарақат алған футболшыларымыз жетіспеді

Асхат Тағыберген ұлттық сапындағы соңғы ойынын өткізді

Футбол 4 сағат бұрын

Асхат Тағыберген ұлттық сапындағы соңғы ойынын өткізді

Қазақстан - Солтүстік Македония ойынына келген жанкүйерлердің саны белгілі болды

Футбол 6 сағат бұрын

Қазақстан - Солтүстік Македония ойынына келген жанкүйерлердің саны белгілі болды

Қазақстан құрамасы өз алаңында есе жіберді

Футбол 6 сағат бұрын

Қазақстан құрамасы өз алаңында есе жіберді