10.06.2025

Асхат Тағыберген ұлттық құрамадан неге кеткенін түсіндірді

Асхат Тағыберген ұлттық құрамадан неге кеткенін түсіндірді

Фото: ҚФФ

Қазақстандық жартылай қорғаушы Асхат Тағыберген Солтүстік Македонияға қарсы матчта ұлттық құрама сапындағы соңғы ойынын өткізді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Матчтан кейін жартылай қорғаушы бұл шешімге қалай келгенін айта өтті:

«Қолдап жатқан жанкүйерлерге мың алғыс! Ұлттық құрамаға жеңіс, табыс және ӘЧ мен Еуро-ға шығуын тілеймін. Қолымнан келгенше көмектестім. Осы жанұяның бір бөлшегі әрі капитаны болғаныма қуаныштымын.

Ойынға дейін ешкім білмеді. Жеңіске жетсек те, ойымды өзгертпес едім. Өйткені жүрегімді тыңдап, шешім қабылдап қойдым.

Жігіттер кетуге әлі ерте екенін айтып, қимады. Киім ауыстыратын бөлмеде де осындай мәлімдеме жасамайды деп үміттенді.

Хейтерлер «жастарға жол бермейді, жастарға жол бермейді» дейді. Міне, жастарға жол бердік. Енді құрама жақсы ойнап, Әлем чемпионатына шығады деген ойдамын.

Ары қарай өзімді футболда көрмеймін. Бапкер де, функционер де болғым келмейді. Бірақ өз уақытында ондай ой келіп қалар. Бұйырғанын көреміз. Бала-шағама көңіл бөлгім келеді. Енді клубтық деңгейде тағы 2-3 жыл ойнайтын шығармын», - деді жартылай қорғаушы.

Айта кетейік, аталған матчта Қазақстан құрамасы Солтүстік Македонияға 0:1 есебімен ұтылды.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас