Ұлттық құрама қорғаушысы батыл мәлімдеме жасады

Фото: ҚФФ
Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Сергый Малый Солтүстік Македонияға қарсы матчтан кейін батыл мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sport12.kz.
«Жалпы айтқанда, біз дұрыс бағытта келе жатырмыз деуге болады. Ұлттар лигасында жеңіске жеткеніміз — үлкен жетістік болды.
Бұл бүкіл футбол саласына тың серпін беріп, оны жаңа деңгейге шығаратын кезең болуы тиіс еді. Алайда іс жүзінде ондай серпін байқалмады. Соның салдарынан нәтиже де төмендей бастады деп ойлаймын.
Алға жылжу үшін даму қажет. Инфрақұрылымға қаражат құйылып, ішкі чемпионатымызды жетілдіруіміз керек. Сонда ғана ұлттық құраманың да деңгейі өседі. Инфрақұрылымсыз үлкен нәтижеге қол жеткізу қиын», - деді қорғаушы.
Айта кетейік, Астанада өткен матчта Қазақстан құрамасы Солтүстік Македонияға 0:1 есебімен ұтылып қалған болатын.
