20 сағат бұрын

БИІК футбол командасы «Жетісу» қақпасына жауапсыз он екі гол соқты

БИІК футбол командасы «Жетісу» қақпасына жауапсыз он екі гол соқты

Фото: Kffleague.kz

Футболдан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатының сегізінші турының алғашқы ойын күні өтті, деп хабарлайды Sport12.kz.

Көш басында келе жатқан шымкенттік БИІК бұл жолы да сүрінген жоқ. Шымкенттік футболшылар өз алаңында талдықорғандық «Жетісу» командасын қабылдады.

Кездесу барысында олар ойын тізгінін толық өзіне қолға алды. Нәтижесінде қарсыласынан 12:0 есебімен тізе бүктірді.

Сондай-ақ тағы бір кездесуде «Ақтөбе» түркістандық «Томирис-Тұраннан» 5:0 есебімен басым түсті.

Сегізінші турдың ойын нәтижесі:

«Астана» - «Қайсар» (Қызылорда) 2:2

«Елімай» (Семей) - «Оқжетпес» (Көкшетау) 8:0

«Ұлытау» (Жезқазған) - «Тобыл» (Қостанай) 2:2

«Қайрат» (Алматы) - «Атырау» 5:1

БИІК (Шымкент) - «Жетісу» (Талдықорған) 12:0

«Ақтөбе» - «Томирис-Тұран» (Түркістан) 5:0

Ал «Қызылжар» (Петропавл) - «Жеңіс» (Астана) кездесуі 10 маусым күні өтетін болды.

Әр команда сапында кемінде қазақстандық футбол мектебінің 13 түлегі болуға тиіс деген талап қойылып отыр. Оған 2009 жылы және одан ерте дүниеге келген футболшылар қатыса алады.

Аустралия 11-ші болып Әлем чемпионатына жолдама алды

Футбол

Аустралия 11-ші болып Әлем чемпионатына жолдама алды

Флориан Вирц «Ливерпуль» ойыншысы атанады

Футбол

Флориан Вирц «Ливерпуль» ойыншысы атанады

Өзбекстан футболшыларына президент көлік мінгізді

Футбол 6 сағат бұрын

Өзбекстан футболшыларына президент көлік мінгізді

Нысана көздеуден әлем кубогында Қазақстан қоржынына бірінші медаль түсті

Басқа 9 сағат бұрын

Нысана көздеуден әлем кубогында Қазақстан қоржынына бірінші медаль түсті

Өзбекстан футбол құрамасы әлем чемпионаты іріктеу кезеңін жеңіспен аяқтады

Футбол 10 сағат бұрын

Өзбекстан футбол құрамасы әлем чемпионаты іріктеу кезеңін жеңіспен аяқтады

Ақтөбеде халықаралық шахмат фестивалі өтеді

Басқа 10 сағат бұрын

Ақтөбеде халықаралық шахмат фестивалі өтеді