21 сағат бұрын
Әлем чемпионаты-2026: Қазақстан футбол құрамасы өз тобында төртінші орынға түсті

Фото: ҚФФ
Қазақстан құрамасы сынға түсіп жатқан футболдан 2026 жылғы әлем чемпионаты іріктеу кезеңіндегі кезекті турдан кейін J тобындағы турнир кестесі белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Отандастырымыз аталған топта Бельгия, Солтүстік Македония, Уэльс, Лихтенштейн шеберлік байқасып жатыр. Олар 9 маусымда өз алаңында Солтүстік Македонияға 0:1 есебімен есе жіберді.
Ал Бельгия құрамасы өз алаңында Уэльсті 4:3 есебімен тізе бүктірді.
Бұл турдан кейін 8 ұпаймен Солтүстік Македония көш басында тұрса, одан кейінгі орындардағы Уэльстің 7, Бельгияның 4, Қазақстанның 3 ұпайы бар. Әзірге Лихтенштейннің ұпай қоржыны бос.
Енді қазақстандық футболшылар алдағы ойынын 4 қыркүйекте елордада Уэльс құрамасына қарсы өткізеді.
