20 сағат бұрын
Асхат Тағыберген өз ізбасарын атады

Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Асхат Тағыберген Солтүстік Македонияға қарсы өткен ойыннан кейін Sport12.kz cайтына пікірімен бөлісті.
- Ұлттық құрамадағы дебютімді 2014 жылы 7 маусым күні Венгрияға қарсы жолдастық ойында жасап едім. Содан бері 11 жыл бойы ел намысын қорғадым. Қазақстан Франция, Испания секілді фавориттердің қатарында емес. Әр ойын қиынға соғады. Үнемі қысым жоғары. Бірақ бұл футболдың бір бөлігі. Ал менің позицияма келетін болсақ. Оны бапкерлер штабы өзара ақылдасып шешім қабылдар. 2024 жылы менің орнымда Әділет Садыбеков деген жас футболшы өзін көрсетті. Ал жалпылай айтатын болсақ, Бактиер Зайнутдинов, Дастан Сәтпаев сынды талантты ойыншыларымыз ұлттық құраманы одан әрі жетістікке жетелейді деген ойдамын", - деді Асхат Тағыберген.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасының капитан кешегі ойыннан кейін құрамадағы мансабын аяқтайтынын мәлімдеген еді.
