2 күн бұрын

Өзбекстан футбол құрамасы әлем чемпионаты іріктеу кезеңін жеңіспен аяқтады

Өзбекстан футбол құрамасы әлем чемпионаты іріктеу кезеңін жеңіспен аяқтады

Фото: the-afc.com

Футболдан Өзбекстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионаты іріктеу кезеңін жеңіспен аяқтады, деп хабарлайды Sport12.kz.

Өзбекстандық футболшылар соңғы турда өз алаңында Қатар құрамасын қабылдаған еді. Ойын барысынла Азизбек Тургунбоев 28-минутта есеп ашса, Эльдор Шомуродов 86-минутта мергендік танытты.Ал 92-минутта Игорь Сергеев ойынның нүктесін қойды. 

Осылайша Өзбекстан құрамасы қарсыласынан 3:0 есебімен басым түсіп, турнир кестесінде 21 ұпаймен екінші орынға жайғасты.

Аталған кездесуден кейін Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев өз елінің ұлттық құрамасының әрбір ойыншысына BYD автокөлігін сыйлап, команданы тарихта алғаш рет әлем чемпионатына шығумен құттықтады.

А тобында дәл қазір Иран құрамасы Солтүстік Кореямен кездесіп жатыр. Әзірге есеп - 0:0.

Айта кетсек, Өзбекстан құрамасы бір тур бұрын әлем чемпионаты финалдық кезеңіне жолдама алған еді. Бұл жолы олар Біріккен Араб Әмірлігімен 0:0 есебімен тең түсті.

Дүбірлі додада Азия құрлығы бойынша сынға түскен Өзбекстан құрамасы А тобында Иран, БАӘ, Қатар, Қырғызстан, Солтүстік Кореямен шеберлік байқасты.


Анна Данилина Лондондағы турнирді сәтті бастады

Теннис 10 минут бұрын

Анна Данилина Лондондағы турнирді сәтті бастады

Әлем чемпионаты-2026: Нұралы Әліп іріктеу турнирінде үздік деп танылды

Футбол 1 сағат бұрын

Әлем чемпионаты-2026: Нұралы Әліп іріктеу турнирінде үздік деп танылды

Клубтар арасындағы әлем чемпионтында қай команда жеңімпаз болады?

Футбол 2 сағат бұрын

Клубтар арасындағы әлем чемпионтында қай команда жеңімпаз болады?

Данияр Елеусінов рингке оралатын күн белгілі болды

Бокс 2 сағат бұрын

Данияр Елеусінов рингке оралатын күн белгілі болды

Бүгін футболдан бірінші лигада 9-тур ойындары басталады

Футбол 3 сағат бұрын

Бүгін футболдан бірінші лигада 9-тур ойындары басталады

Дастан Сатпаев мамыр айының үздік ойыншысы атанды

Футбол 3 сағат бұрын

Дастан Сатпаев мамыр айының үздік ойыншысы атанды