2 күн бұрын
Өзбекстан футболшыларына президент көлік мінгізді

Фото: Anvar Ilyasov / Getty Images
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев ұлттық құраманың барлық ойыншылары мен бапкерлеріне футболдан әлем чемпионатына жолдама алғаны үшін жалпы саны 40 автокөлік тарту етті, деп хабарлайды Sport12.kz.
2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу турнирінің соңғы ойынында Өзбекстан Қатарды 3:0 есебімен тізе бүктірді. Бірақ, бұл матчқа дейін «ақ бөрілер» мерзімінен бұрын дүбірлі доданың негізгі кезеңіне шығып қойған еді.
Қатарға қарсы ойын аяқталысымен ел президенті Шавкат Мирзиёев құраманың барлық футболшылары мен бапкерлеріне BYD маркалы автокөлік сыйлады. Сонымен қатар, команда мүшелері мемлекеттік наградалармен марапатталды.
Өзбекстан жаһандық додаға іріктеу турнирінде Иран, БАӘ, Қатар, Қырғызстан және Солтүстік Корея құрамаларымен сынға түсіп, 10 ойында 21 ұпай жинап, топтан екінші орынмен шықты.
Еске салайық, футболдан 2026 жылғы әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Мексика және Канадада өтеді.
