1 күн бұрын
Флориан Вирц «Ливерпуль» ойыншысы атанады

Фото: Getty Images
Германия ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Флориан Вирц «Ливерпуль» ойыншысы атанады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Белгілі инсайдер Фабрицио Романо қос тараптың толыққанды келісімге келгенін хабарлады.
Трансфер құны бонуспен қоса есептегенде 150 млн еуроны құрайды деп күтілуде.
Енді неміс жартылай қорғаушысы медициналық тексерістен өтіп, келісімшартқа қол қояды. Жаңа келісімшарт 2030 жылдың жазына дейін жарамды болмақ.
