1 күн бұрын
Аустралия 11-ші болып Әлем чемпионатына жолдама алды

Фото: Getty Images
2026 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында өткен соңғы тур матчында Аустралия құрамасы Эр-Рияд қаласында Сауд Арабиясын 2:1 есебімен жеңіп, жаһан доласына тікелей жолдама алды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Осылайша, жасыл құрлықтың құрамасы 2026 жылғы Әлем чемпионатының финалдық кезеңіне шыққан 11-ші құрама атанды. Бұған дейін Канада, Мексика, АҚШ, Жапония, Жаңа Зеландия, Иран, Аргентина, Өзбекстан, Оңтүстік Корея және Иордания сынды құрамалар жолдама алғаны белгілі болған еді.
Айта кетейік, Аустралия құрамасы өз тарихында 6-шы рет мундиальға барады.
2026 жылғы әлем біріншілігі 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексикада өтеді. Бұл жолы футбол тарихында алғаш рет турнирге 48 ұлттық құрама қатысады.
