1 күн бұрын

Бразилия, Эквадор: Әлем чемпионатына шыққан құрамалар саны 13-ке жетті

Бразилия, Эквадор: Әлем чемпионатына шыққан құрамалар саны 13-ке жетті

Фото: Conmebol.com

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионаты финалдық кезеңіне жолдама алған тағы екі құрама белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz. 

Оңтүстік Америка аймағынан (CONMEBOL) мұндай мүмкіндікке Бразилия және Эквадор құрамалары ие болды. Соңғы турда Бразилия Парагвай құрамасын 1:0 есебімен жеңсе, Эквадор құрамасы Перумен 1:1 есебімен тең түсті. 

Осылайша Бразилия мен Эквадор 25 ұпай жинап, жетінші орында тұрған Венесуэладан 7 ұпай артық жинад. Бұл екі құрамаға да АҚШ, Канада және Мексикада өтетін дүбірлі додаға тікелей шығу құқығын берді.

Айта кетсек, бұдан бұрын Азиядан Иран, Өзбекстан, Оңтүстік Корея, Иордания, Жапония, Австралия құрамалары қол созды.

Сондай-ақ қазірге дейін әлем чемпионатына ұйымдастырушы елдер ретінде АҚШ, Мексика, Канада осындай мүмкіндікке ие болса, мұхит аймағынан Жаңа Зеландия, Оңтүстік Америкадан Аргентина оған қатысатын елдердің қатарына қосылды. 

Дүбірлі додада алғаш рет 48 құрама бақ сынайды. Оның 16-ы Еуропа, 8-і Азия, 9-ы Африка, 6-ы Солтүстік Америка, 6-ы Оңтүстік Америка құрлығына бөлінсе, 1-і мұхит аймағы елдеріне қаралған. Ал 2 жолдама плей-офф сатысы арқылы анықталады.


Клубтар арасындағы Әлем чемпионатын қазақстандық қай телеарна көрсетеді

Футбол 3 сағат бұрын

Клубтар арасындағы Әлем чемпионатын қазақстандық қай телеарна көрсетеді

Таиландта байдарка және каноэмен есуден Азия чемпионы басталды

Басқа 3 сағат бұрын

Таиландта байдарка және каноэмен есуден Азия чемпионы басталды

Алматылық «Қайрат» бразилиялық шабуылшымен келісімшартқа отырды

Футбол 3 сағат бұрын

Алматылық «Қайрат» бразилиялық шабуылшымен келісімшартқа отырды

The Ring әлемдегі ең үздік боксшылардың жаңа рейтингін жариялады

Бокс 4 сағат бұрын

The Ring әлемдегі ең үздік боксшылардың жаңа рейтингін жариялады

«Бавария» Саненің орнына ойыншы тапты

Футбол 5 сағат бұрын

«Бавария» Саненің орнына ойыншы тапты

«Ертіске» жаңа бас бапкер тағайындалды

Футбол 6 сағат бұрын

«Ертіске» жаңа бас бапкер тағайындалды