1 күн бұрын
Қазақстан жастар құрамасы Шымкентте оқу-жаттығу жиынын аяқтады

Фото: ҚФФ
Футболдан Қазақстан 19 жасқа дейінгі жастар құрамасы Шымкенттегі оқу-жаттығу жиынын жеңіспен аяқтады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Кирилл Кекер баптайтын жастар құрамасы аталған шара аясындағы үшінші бақылау матчында «Ордабасыны» 2:1 есебімен жеңді.
Құрама сапынан Абылай Төлеухан екі гол соқты.
Бақылау ойындарының нәтижесі:
Қазақстан U19 – «Ордабасы» 2:1
Гол соққан: Абылай Төлеухан (дубль)
Қазақстан U19 – «Тұран» 1:1
⚽Гол соққан: Мансұр Бірқұрманов
Қазақстан U19 – «Оңтүстік Академиясы» 2:1
⚽Гол соққан: Абылай Төлеухан, Алдияр Нұрғали
