2 күн бұрын
«Манчестер Сити» осы жаздағы төртінші трансферін жасады

Фото: «Манчестер Сити» ФК
Тиджани Рейндерс «Манчестер Сити» ойыншысы атанды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Қос тарап 2030 жылдың жазына дейін жарамды келісімшартқа қол қойды.
Манчестерлік клуб Нидерланд құрамасының жартылай қорғаушысын «Миланнан» 70 миллион еуроға сатып алды.
Рейндерс – клуб қатарына осы жазда қосылған төртінші ойыншы атанды. Бұған дейін «қалалықтар» қақпашы Маркус Беттинелли, қорғаушы Райан Айт-Нури және вингер Райан Шеркидің трансферін рәсімдеген еді.
Айта кетейік, Рейндерс миландық клуб сапында 2024/25 жылғы маусымда 54 ойынға қатысып, 15 гол соғып, 5 нәтижелі пас берді.
