11.06.2025
«Қайраттың» грузиялық ойыншысы жаттығу жұмыстарына кірісті
Фото: Getty Images
Алматылық «Қайраттың» грузиялық қорғаушысы Лука Гадрани жалпы топтағы жаттығу жұмыстарын бастады, деп хабарлайды Sport12.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Лука Гадрани жалпы топпен жаттығуға кірісті», - деп хабарлады алматылық команда Instagram желісінде.
Грузия құрамасының қорғаушысы ағымдағы жылдың қаңтар айында ауыр жарақат алып (тобығының байламы үзіліп), 2024/2025 жылғы маусымда Қазақстан Премьер-Лигасының матчтарына қатысқан жоқ.
Гадрани алматылық командаға 2024 жылдың қаңтарында Ақтөбеден ауысты. ҚПЛ-да 70 матч өткізіп, бес гол соққан. Қазақстан чемпионатына дейін ол Грузия премьер-лигасында, Иран жоғарғы дивизионында және Испания чемпионатының екінші лигасында өнер көрсеткен.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
Наурызбай Қанатұлы