1 күн бұрын
Лерой Сане «Бавариядан» кететін болды

Фото: Getty Images
Германиялық шабуылшы Лерой Сане «Бавария» клубынан кететін болды, деп хабарлайды Sport12.kz.
29 жастағы вингер мюнхендік клубтың жаңа ұсынысынан түбегейлі бас тартты. Клубтар арасындағы әлем чемпионатынан кейін клубтан кетеді деп күтілуде.
Енді Сане еркін агент ретінде түркиялық «Галатасарайға» ауысуға жақын, деп жазады белгілі инсайдер Фабрицио Романо.
Ақпарат көзіне сенсек қос тарап 2028 жылға дейін жарамды жаңа келісімшартқа қол қояды. Сонымен қатар ойыншыға жылына 15 млн еуро жалақы беруге келісіпті.
Сондай-ақ «Галатасарайға» ауысқаны үшін неміс ойыншысына қосымша сыйақы береді.
