1 күн бұрын
Максим Самородовтың клубын бұрынғы «Арсенал» бапкері тізгіндейді

Фото: «Ахмат» ФК
Александр Сторожук «Ахмат» футбол клубының бас бапкері атанады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл туралы тулалық «Арсеналдың» бас директоры Валерий Гринковский Матч ТВ арнасына берген сұхбатында мәлімдеді.
— Александр Александрович басқа командаға ауысады. Ол «Ахмат» тізгінін ұстайды. Жаңа клубтағы жұмысына 16 маусымнан бастап кіріседі, – деді Валерий Гринковский.
Бүгін, 11 маусымда «Арсенал» Александр Сторожукпен қош айтыстатынын мәлімдеді. Келісімшарт қос тараптың шешімі бойынша бұзылды. Ресейлік маман «зеңбірекшілерді» 2023 жылдың қаңтар айынан бері жаттықтырған еді.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасының 22 жастағы вингері Максим Самородов «Ахмат» намысын 2024 жылдың тамыз айынан бері қорғап келеді. Осы аралықта отандасымыз грозныйлық ұжым сапында 32 ойын өткізіп, 8 гол соғып, 4 нәтижелі пас берді.
