1 күн бұрын
Мұхамеджан Сейсен: Мансабымды шабуылшы ретінде бастадым

Фото: Қазақстан футбол федерациясы
Қазақстан ұлттық құрамасының қақпашысы Мұхамеджан Сейсен футболдағы алғашқы қадамдарын шабуылшы ретінде басқанын айтты, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл туралы ол Sport Plus Qazaqstan телеарнасының Pluste Bol бағдарламасында сөз қозғады.
— Мен 10 жасқа дейін шабуылшы болып ойнадым. Бір күні қақпашы досым жаттығуға келмей қалды. Біз «су-ли-фа» ойыны арқылы кімнің қақпаға тұратынын анықтадық. Солайша, кездейсоқ қақпашы болдым. Бір баланың соққысын тойтарғаннан кейін, келесі күні бапкерім маған қолғап ұсынып, қақпашы ретінде қалдым, — дейді Сейсен.
Айта кетейік, 26 жастағы қақпашы ұлттық құрама сапында үш матчқа қатысқан. Ол алғаш рет 2021 жылғы 4 маусымда Солтүстік Македонияға қарсы жолдастық кездесуде алаңға шықты. Биылғы маусымда «Астана» құрамында Премьер-лигада 10 ойын өткізіп, 4 кездесуде қақпасына гол жібермеді.
