1 күн бұрын
«Тобыл» Асхат Тағыбергенге 8 нөмірі тігілген арнайы шапанды сыйға тартты

«Тобыл» командасының футболшылары ұлттық құрамадағы мансабын аяқтаған Асхат Тағыбергенге құрмет көрсетіп, 8 нөмірі тігілген арнайы шапан сыйға тартты, деп хабарлайды Sport12.kz.
Асхат командаға алғысын білдіріп, ендігі бар күш-жігерін «Тобылға» арнайтынын жеткізді.
Бұл жөнінде ол ұлттық құраманың 2026 жылғы әлем чемпионаты іріктеу кезеңіндегі Солтүстік Македониямен кездесуден кейін мәлім етті.
Он жылдан астам уақыттан бері Асхат ұлттық құрама сапында 63 матчта 3 гол соғып, 7 нәтижелі пас авторы атанды.
Асхат Тағыберген 1990 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Қазірге дейін «Қайсар», «Ақтөбе», «Астана», «Тобыл», «Ордабасы» клубтарында доп тепті.
.
