1 күн бұрын
Бүгін футболдан бірінші лигада 9-тур ойындары басталады

Фото: «Шахтер» футбол клубы
Бүгін, 22 мамырда футболдан бірінші лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионатының 9-тур ойындары басталады., деп хабарлайды Sport12.kz.
Аталған тур ойындары 12-13 маусым күндеріне белгіленген.
Бүгін, 12 маусымда «Ақтөбе-2» мен «Академия Оңтүстік» (Шымкент), «Екібастұз» (Павлодар облысы) пен «Тараз», «Хан тәңірі» (Алматы) мен «Түркістан», «SD Family» (Астана) мен «Алтай» ойнайды.
Ал 13 маусымда «Шахтер» (Қарағанды) мен AKAS (Алматы), «Қайрат-2» (Алматы) мен «Жетісай» (Түркістан облысы), «Ертіс» (Павлодар) мен «Каспий» (Ақтау) ойнайды.
Турнир кестесінде алғашқы екі орынға ие болған командалар алдағы жылы Премьер-лигаға қатысуға тікелей жолдамаға қол жеткізеді.
Биыл «Шахтер», «Ертіс», «Каспий» командалары үздіктер қатарында болады деп болжанып отыр.
Алты турдан кейін «Каспий», «Шахтер», «Ертіс», «Алтай» командалары алғашқы орындарды өзара бөлісіп тұр.
