1 күн бұрын
Әлем чемпионаты-2026: Нұралы Әліп іріктеу турнирінде үздік деп танылды

Фото: Нұрғали Жұмағазы
WhoScored порталы 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу турнирінің 3-тур қорытындысы бойынша үздік ойын көрсеткен футболшылардан құрам жасақтады, деп хабарлайды Sport12.kz.
J тобындағы үздіктер қатарына Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп енді. 25 жастағы отандасымыздың Солтүстік Македонияға (0:1) қарсы көрсеткен ойыны 7.6 ұпайға бағаланды. Бұл – қорғаушылар арасындағы ең жоғарғы көрсеткіш.
WhoScored нұсқасы бойынша J тобындағы 3-турдың үздіктер құрамасы:
Қақпашы: Димитриевский (Солтүстік Македония) — 6.6
Қорғаушылар: Деспотовский (Солтүстік Македония) — 7.0, Әліп (Қазақстан) — 7.6, Зайков (Солтүстік Македония) — 7.3, Де Куйпер (Бельгия) — 6.8
Жартылай қорғаушылар: Докy (Бельгия) — 8.5, Де Брюйне (Бельгия) — 8.5, Уилсон (Уэльс) — 7.8, Томас (Уэльс) — 9.2.
Шабуылшылар: Лукаку (Бельгия) — 7.6, Трайковский (Солтүстік Македония) — 7.4.
Айта кетейік, Қазақстан ӘЧ-2026 іріктеу турнирінің 3-турында өз алаңында Солтүстік Македонияға 0:1 есебімен есе жіберді. Енді ұлттық құрама 4 қыркүйек күні «Астана Арена» стадионында Уэльсті қабылдайды.
