23 сағат бұрын
«Ертіске» жаңа бас бапкер тағайындалды

Фото: Ертіс ФК
Қазақстандық маман Ринат Алюетов «Ертістің» бас бапкері болып тағайындалды, деп хабарлайды Sport12.kz.
35 жастағы маман бұған дейін ҚПЛ-да «Жетісу», «Жеңіс», «Тұран» және «Каспий» клубтарын жаттықтырған.
Павлодарлық клуб Қайрат Нұрдәулетов кеткеннен кейін екі матчта тең түсіп, бір ойында жеңіске жетті. Қазір Бірінші лиганың турнирлік кестесінде 18 ұпаймен екінші орында келе жатыр.
Ринат Алюетов шәкірттері келесі матчын 13 маусым күні 9-тур аясында ақтаулық «Каспийге» қарсы өткізеді. Матч Павлодарда өтеді.
