11 сағат бұрын
ҚПЛ: Бүгін ел біріншілігінің 12-турының екінші ойын күні өтеді

Фото: «Қайсар» ФК
Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 12-турының екінші ойын күні өтеді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бүгін, 15 маусымда 18:00-де «Астана» мен «Оқжетпес» (Көкшетау), 20:00-де «Ордабасы» (Шымкент) мен «Елімай» (Семей), «Қайсар» (Қызылорда) мен «Тобыл» (Қостанай) ойнайды.
Сондай-ақ 14 маусымда «Жетісу» (Талдықорған) мен «Қайрат» (Алматы) 2:2, « Қызылжар» (Петропавл) мен «Ақтөбе» 0:0 есебіне қанағат білдірсе, «Атырау» өз алаңында жезқазғандық «Ұлытауға» 0:1, түркістандық «Тұран» елордалық «Жеңіске» 0:2 есебімен есе жіберді.
Қазір турнир кестесінде 13 ойыннан кейін 27 ұпаймен «Қайрат» көш басында келе жатса, одан кейінгі орындарда «Астананың» 27, «Ақтөбенің» 26 ұпайы бар.
