9 сағат бұрын

Қазақстанның бапкері бола жаздаған Дженнаро Гаттузо Италия құрамасын тізгіндеді

Қазақстанның бапкері бола жаздаған Дженнаро Гаттузо Италия құрамасын тізгіндеді

Италия футбол федерациясы (FIGC) ресми сайтында Дженнаро Гаттусоның ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне тағайындалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sport12.kz

47 жастағы маман «Скуадра адзурраның» тізгінін бейсенбі, 19 маусым күні ресми түрде қолға алады. Бұған дейінгі ақпараттарға сәйкес, Гаттузо бір жылдық келісімшартқа қол қойып, оны тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігі қарастырылған.

Гаттузо 5 маусым күні Хорватияның «Хайдук» клубындағы бас бапкерлік қызметінен кеткен болатын. Бұған дейін ол «Марсель», «Валенсия», «Наполи», «Милан» және басқа да командаларды жаттықтырған.

Италия құрамасының жаңа бас бапкері Дженнаро Гаттузо 2016 жылы Қазақстан ұлттық құрамасымен жұмыс істеуге жақын болғанын айтқан еді. Алайда, отбасылық себептерге байланысты ол бұл шешімінен бас тартқан.

"2016 жылы мен Қазақстан құрамасымен алдын ала келісімшартқа қол қойдым. Ол кезде мен Грекияның ОФИ мен Швейцарияның «Сьон» клубында жұмыс істедім. Бірақ сол уақытта отбасым белгілі бір себептермен өздерін бақытты сезінбеді. Сондықтан Астанаға жұбайым Моникамен бірге бардым. Алайда ол өте суық климатпен бетпе-бет келді. Осы жағдайдан кейін мен бұл жұмыстан бас тартқаным дұрыс деп шештім", – деді Гаттузо.

Мейірім Нұрсұлтанов әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізеді

Бокс

Мейірім Нұрсұлтанов әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізеді

Виктор Темиров Германияда өткен бокс кешінде жеңіске жетті

Бокс

Виктор Темиров Германияда өткен бокс кешінде жеңіске жетті

«Бавария» «Окленд Сити» қақпасына жауапсыз он гол соқты

Футбол 2 сағат бұрын

«Бавария» «Окленд Сити» қақпасына жауапсыз он гол соқты

Дзюдодан әлем чемпионатында 16 маусымда ел құрамасынан кімдер шығады

Дзюдо 3 сағат бұрын

Дзюдодан әлем чемпионатында 16 маусымда ел құрамасынан кімдер шығады

ҚПЛ: «Ордабасы» мен «Елімай» тең түсті

Футбол 5 сағат бұрын

ҚПЛ: «Ордабасы» мен «Елімай» тең түсті

Сәкен Бибосынов 55 келіге не үшін ауысқанын түсіндірді

Бокс 7 сағат бұрын

Сәкен Бибосынов 55 келіге не үшін ауысқанын түсіндірді