8 сағат бұрын

«Бавария» «Окленд Сити» қақпасына жауапсыз он гол соқты

«Бавария» «Окленд Сити» қақпасына жауапсыз он гол соқты

Фото: Championat.com

 Бүгін футболдан клубтар арасындағы әлем чемпионатын Германияның «Бавариясы» сәтті бастап, алғашқы кездесуінде жеңіске жетті, деп хабарлайды 

С тобында сынға түсіп жатқан мюнхендік футболшылар бірінші турда Жаңа Зеландияның «Окленд Сити» командасымен ойнады. 

Кездесу германиялық клубтың толық басымдығымен өтті. Бірінші кезеңде олар қарсылас қақпасына жауапсыз алты гол соғып үлгерді. Ойынның 6-минутында Кингсли Коман есеп ашса, одан кейін Саша Боэ 18, Майкл Олисе 20-минутта мергендік танытты. 

Ал 21-минутта Кингсли Коман тағы бір гол соқса, одан кейін Томас Мюллер 45, Майкл Олисе 48-минутта есепті үстемелей түсті.

Ал екінші кезеңде Джамал Мусиала 67, 73, 84-минутта хет-триктің авторы атанса, Томас Мюллер 89-минутта қорытынды есепті белгіледі.

Осылайша «Бавария» қарсыласынан 10:0 есебімен басым түсті.

Тағы бір кездесуде B тобындағы Францияның «Пари Сен-Жермені» испаниялық «Атлетико Мадридті» 4:0 есебімен тас-талқан етіп жеңді.

Ойын барысында франциялық клубтан Фабиан Руис 19, Витинья 45, Сенни Маюлу 87, Ли Кан Ин 97-минутта мергендік танытты.

Енді аталған турнирде 03:00-де А тобындағы «Палмейрас» (Бразилия) - «Порту» (Португалия), 07:00-де «Ботафого» (Бразилия) - «Сиэтл Саундерс» (АҚШ) шеберлік байқасады.

Еске салсақ, доп додасында 32 команда сынға түседі. Командалар 8 топқа бөлінді. Әр топта 4 клубтан ойын көрсетеді, олардың екеуі плей-офф кезеңіне шығады.


Клубтар арасындағы ӘЧ: «Палмейрас» пен «Порту» тең түсті

Футбол 23 минут бұрын

Клубтар арасындағы ӘЧ: «Палмейрас» пен «Порту» тең түсті

Мейірім Нұрсұлтанов әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізеді

Бокс 2 сағат бұрын

Мейірім Нұрсұлтанов әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізеді

Виктор Темиров Германияда өткен бокс кешінде жеңіске жетті

Бокс 3 сағат бұрын

Виктор Темиров Германияда өткен бокс кешінде жеңіске жетті

«Бавария» «Окленд Сити» қақпасына жауапсыз он гол соқты

Футбол 8 сағат бұрын

«Бавария» «Окленд Сити» қақпасына жауапсыз он гол соқты

Дзюдодан әлем чемпионатында 16 маусымда ел құрамасынан кімдер шығады

Дзюдо 9 сағат бұрын

Дзюдодан әлем чемпионатында 16 маусымда ел құрамасынан кімдер шығады

ҚПЛ: «Ордабасы» мен «Елімай» тең түсті

Футбол 12 сағат бұрын

ҚПЛ: «Ордабасы» мен «Елімай» тең түсті