6 сағат бұрын

Чемпиондар лигасы: «Қайрат» командасының алғашқы қарсыласы анықталды

Чемпиондар лигасы: «Қайрат» командасының алғашқы қарсыласы анықталды

Фото: fckairat.com

Алматылық «Қайрат» футбол командасының UEFA Чемпиондар лигасы бірінші іріктеу кезеңінде Словенияның «Олимпия» командасымен кездеседі, деп хабарлайды Sport12.kz.

Жарыстың аталған сатысындағы алғашқы ойын 8 немесе 9 шілде күні Словенияда өткізілсе, қарымта кездесу Алматыда 15 немесе 16 шілдеге белгіленген.

Алматылық клуб еурокубок ойындарында тұрақты түрде қатысып келеді. Дегенмен соңғы екі жылда бақ сынаған жоқ. 2022/23 жылғы маусымда Конференция лигасы екінші іріктеу кезеңінде Венгрияның «Кишварда» (0:1, 0:1) командасынан екі мәрте жеңіліп қалды.

«Олимпия» командасы 1945 жылы құрылған. Қазірге дейін өз елінде сегіз мәрте чемпион атанды. Еурокубок ойындарына алғаш рет 1966 жылы қатысты. Соңғы рет 2020/2021 жылғы маусымда еуропа лигасы екінші іріктеу кезеңіне дейін жетті. 

Сондай-ақ биыл қазақстандық «Ақтөбе» Еуропа лигасы, «Ордабасы» және «Астана» Конференция лигасында ел намысын қорғайды. 

Спорт туралы жаңа заң күшіне енді

Басқа 36 минут бұрын

Спорт туралы жаңа заң күшіне енді

«Барыс» хоккей командасының бас директоры тағайындалды

Хоккей 2 сағат бұрын

«Барыс» хоккей командасының бас директоры тағайындалды

«Ақтөбе» Еуропа лигасындағы алғашқы қарсыласын білді

Футбол 5 сағат бұрын

«Ақтөбе» Еуропа лигасындағы алғашқы қарсыласын білді

Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының бас бапкері тағайындалды

Күрес 5 сағат бұрын

Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының бас бапкері тағайындалды

Чемпиондар лигасы: «Қайрат» командасының алғашқы қарсыласы анықталды

Футбол 6 сағат бұрын

Чемпиондар лигасы: «Қайрат» командасының алғашқы қарсыласы анықталды

Мейірлан Максим дзюдодан Әлем чемпионатын жарақаты салдарынан ерте аяқтады

Дзюдо 6 сағат бұрын

Мейірлан Максим дзюдодан Әлем чемпионатын жарақаты салдарынан ерте аяқтады