7 сағат бұрын
Клубтар арасындағы ӘЧ: «Боруссия Дортмунд» тең нәтижемен бастады

Фото: FIFA
Бүгін футболдан клубтар арасындағы әлем чемпионатын Германияның «Боруссия Дортмунд» командасы тең ойынмен бастады, деп хабарлайды Sport12.kz.
F тобында сынға түсіп жатқан германиялық клуб алғашқы кездесуінде Бразилияның «Флуминенсе» клубымен шеберлік байқасты.
Қос команда ойын басынан гол соғатын мүмкіндік іздеді. Соған қарамастан олар көптеген мүмкіндікті мүлт жіберіп алды. Нәтижесінде командалар 0:0 есебіне қанағат білдіріп тарасты.
Бұл топтағы «Ульсан» (Оңтүстік Корея) - «Мамелоди Сандаунз» (Оңтүстік Корея) кездесуі 18 маусымда қазақстандық уақытпен 03:00 -ге белгіленген.
Сондай-ақ бүгін E тобында «Ривер Плейт» (Аргентина) - «Урава Ред Даймондс» (Жапония), «Монтеррей» (Мексика) - «Интер» (Италия) ойындары өтеді.
Доп додасында 32 команда сынға түседі. Командалар 8 топқа бөлінді. Әр топта 4 клубтан ойын көрсетеді, олардың екеуі плей-офф кезеңіне шығады.
