5 сағат бұрын
«Қайраттың» Чемпиондар лигасының екінші кезеңіндегі ықтимал қарсыластары белгілі

Бүгін Швейцарияның Ньон қаласында УЕФА Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңінің жеребесі өтеді, деп хабарлайды Sport12.kz
Кеше бірінші іріктеу кезеңінің жеребесінде Рафаэль Уразбахтиннің командасына словениялық «Олимпия» қарсылас болып түскен еді. Бұл матчтар 8/9 шілдеде Люблянада және жауапты матч 15/16 шілдеде Алматыда өтеді.
Егер алматылықтар алғашқы кезеңнен сәтті өтсе, келесі кезеңде олар төмендегі жұптардың бірінің жеңімпазымен кездеседі:
- «Виртус» (Сан-Марино) — «Зриньски» Мостар (Босния және Герцеговина)
- КуПС (Финляндия) — «Милсами» (Молдова)
- «Нью Сейнтс» (Уэльс) — «Шкендия» (Солтүстік Македония)
- «Шелбурн» ФК — «Линфилд» (Солтүстік Ирландия)
Жеребе тарту рәсімі қазақстандық уақытпен сағат 15:00-де басталады.
Ескерте кетейік, егер «Қайрат» бірінші кезеңде «Олимпияға» жеңілсе, онда Еурокубок жолын Конференциялар лигасының екінші іріктеу кезеңінде жалғастырады.
