18.06.2025

«Интер» клубтар арасындағы Әлем чемпионатында тең ойынмен бастады

«Интер» клубтар арасындағы Әлем чемпионатында тең ойынмен бастады

Фото: inter.it

Италияның «Интер» командасы футболдан клубтар арасындағы әлем чемпионатын тең ойынмен бастады, деп хабарлайды

Е тобында сынға түсіп жатқан италиялық клуб алғашқы кездесуінде Мексиканың «Монтеррей» командасымен шеберлік байқасты.

Ойын барысында алғашқы болып есепті мексикалық футболшылар ашты. Олардың қатарынан Серхио Рамос 25-минутта мергендік танытты.

Оған «Интер» сапынан Лаутаро Мартинес 42-минутта бір голмен жауап қайырды.

Осылайша командалар 1:1 есебіне қанағат білдіріп тарасты.

Сондай-ақ аталған топта Аргентинаның «Ривер Плейт» командасы Жапонияның «Урава Ред Даймондс» клубын 3:1 есебімен жеңді.

Ал F тобында Оңтүстік Кореяның «Ульсаны» Оңтүстік Африканың «Мамелоди Сандаунз» клубына 0:1 есебімен жол берді.

Доп додасында 32 команда сынға түседі. Командалар 8 топқа бөлінді. Әр топта 4 клубтан ойын көрсетеді, олардың екеуі плей-офф кезеңіне шығады.

Ілияс Әмірсейітов «Қайсардың» құрамын толықтыруы мүмкін

Футбол 7 минут бұрын

Ілияс Әмірсейітов «Қайсардың» құрамын толықтыруы мүмкін

Әлем кубогы: Астанадағы жарыста бүгін қазақстандық төрт боксшы сайысқа түседі

Бокс 20 минут бұрын

Әлем кубогы: Астанадағы жарыста бүгін қазақстандық төрт боксшы сайысқа түседі

Футзалдан 2026 жылғы Еуропа чемпионатының финалдық кезеңін өткізу форматына ресми өзгерістер енгізілді

Футзал 39 минут бұрын

Футзалдан 2026 жылғы Еуропа чемпионатының финалдық кезеңін өткізу форматына ресми өзгерістер енгізілді

Анна Данилина – WTA 250 Истбурн турнирінің чемпионы

Теннис 10 сағат бұрын

Анна Данилина – WTA 250 Истбурн турнирінің чемпионы

4 жеңіс, 1 жеңіліс: Әлем кубогының алғашқы күні қалай өтті?

Бокс 10 сағат бұрын

4 жеңіс, 1 жеңіліс: Әлем кубогының алғашқы күні қалай өтті?

«Ордабасы» сапына румыниялық жартылай қорғаушы келді

Футбол 15 сағат бұрын

«Ордабасы» сапына румыниялық жартылай қорғаушы келді