5 сағат бұрын
Бактиер Зайнутдинов «Реал Мадридке» ауыса алады

Фото: ҚФФ
«A Bila» ақпараты бойынша Бактиер Зайнутдинов Испанияның «Реал Мадридіне» ауыса алады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Қазір Қазақстан құрамасының футболшысы ойнайтын «Бешикташ» испаниялық клубқа 25 жастағы сол қанаттағы қорғаушы Франа Гарсияның трансферіне қатысты ұсыныс жасауға дайындалып жатыр. Аталған мәмілеге олар 27 жастағы Бактиер Зайнутдиновты қосқысы келеді.
Бактиер Зайнутдинов «Бешикташ» клубымен 2023 жылдың 18 тамызында келісімшартқа қол қойған болатын. Ол 2027 жылдың 30 маусымына дейін аталған клуб сапында ойнай алады.
Бактиер Зайнутдинов 1998 жылдың 2 сәуірінде дүниеге келген. Бұған дейін қазақстандық «Тараз», «Астана» футбол клубтарында, Ресейдің «Ростов» және ЦСКА командаларында доп тепті.
