5 сағат бұрын
Чемпиондар лигасының жеңімпазы Әлем чемпионатында сенсациялық жеңіліске ұшырады

Жұма, 20 маусым күні Пасадена қаласындағы (АҚШ, Калифорния) Роуз Боул стадионының алаңында франциялық ПСЖ мен бразилиялық «Ботафого» клубы кездесті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл ойында «Либертадорес Кубогының» чемпиондары 1:0 есебімен жеңіске жетті. Жалғыз голды матчтың 36-минутында шабуылшы Игорь Жезус соқты.
Осылайша, «Ботафого» 6 ұпай жинап, В тобында бірінші орынға ие болды. АЛ «ПСЖ» 3 ұпаймен екінші орында тұр.
